"Дарын" жастар сыйлығына өтінімдерді қабылдау жалғасуда

"Дарын" жастар сыйлығына өтінімдерді қабылдау жалғасуда

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын тағайындауға байқау өткізеді.

Оған өтінімдерді қабылдау аяқталған сәтте 29 жасқа дейінгі, халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдар мен көрмелердің лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ қызметі инновациялық болып табылатын және тиісті сала мен тұтастай қоғамды дамытуға ықпал ететін кандидаттар үміткер бола алады.

Сыйлық алуға үміткерлерді мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктер ұсынады.

Байқау 10 номинация бойынша өткізіледі: әдебиет, ғылым, дизайн және бейнелеу өнері, журналистика, классикалық музыка, қоғамдық қызмет, спорт, театр және кино, эстрада, халық шығармашылығы.

Ізденушілердің құжаттары 10 тамызға дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі (14-кіреберіс) және электрондық пошта арқылы premiya.daryn@gmail.com.

Өтінімнің электрондық нұсқасына келесі сілтеме бойынша жіберу керек: https://cloud.mail.ru/public/HY2H/Uy8ziAUX7.

Анықтама телефондары: (8-7172) 74-05-25, (8-7172) 74-18-43, 8-701-170-46-54.

Сыйлыққа ие болғандарға "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты" атағы беріледі, диплом, төсбелгі және ақшалай сыйлық тапсырылады.