"Қарағанды – менің қалам": Кеншілер мәдениет сарайы көрме-байқауын ұйымдастырады

"Қарағанды – менің қалам": Кеншілер мәдениет сарайы көрме-байқауын ұйымдастырады

Биыл Қарағандының Кеншілер мәдениет сарайына 70 жыл толады. Осы күнге орай "Қарағанды – менің қалам" қалалық көрме-байқауы жарияланды.

Шығармашылық жұмыстардың басты тақырыбы – Қарағанды және оның айналасы.

Қатысушылардың жасы – 7-ден 25 жасқа дейін.

Номинациялар: "Кескіндеме", "Графика" және "Сәндік-қолданбалы өнер" (қағаз пластикасы, флористика, батик, теріні, киізді, сабанды көркем өңдеу және т. б.).

Өтінімдер мен жұмыстар 27 маусымға дейін Бұқар жырау даңғылы, 32, 212 кабинетте қабылданады.

Қазылар алқасының құрамында кәсіби суретшілер мен бейнелеу өнерінің оқытушылары бар.

Әр номинация бойынша жеңімпаздар 30 маусымда Кеншілер мәдениет сарайында анықталады.

Іс-шара сағат 12:00-де басталады.

Анықтама телефоны: +7-702-164-81-87; +7-775-567-70-56.

Барлық мәліметтер конкурс туралы ережеде.