
Қарқаралы ауданында "Шаңырақ" көп балалы отбасыларды қолдау орталығының филиалы ашылды. Әлеуметтік тапсырысты "Talbesyk" көп балалы аналар Одағы" қоғамдық бірлестігі іске асырады.

Қарқаралы ауданында 800-ге жуық көп балалы отбасы тұрады. Оларға заң, психологиялық және әлеуметтік көмек түрінде, оның ішінде денсаулық сақтау, білім беру, жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлік, әлеуметтік көмек көрсету және тұрғын үй бағдарламаларын іске асыру мәселелері бойынша тегін консультациялық қызметтер көрсетілетін болады.

Атап айтқанда, орталықта кәсіпкерлік бастамаларды қолдайды, бизнес-жоспарларды әзірлеу мен сүйемелдеуге қолдау көрсетеді, өз өндірісінің заттарын сату бойынша IT саласындағы маркетологияны үйретеді және т. б.

Сондай-ақ, қызметтерді электрондық үкімет порталы арқылы алуға көмектеседі.

– Бұл Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы бойынша бюджет қаражаты есебінен ашылған алғашқы орталық. Бұған дейін Бұқар Жырау ауданының жұмыспен қамту орталығында бір ғана кабинет болған. Міне, бүгін біздің филиал Қарқаралы қаласында жұмыс істей бастады, – деді "Talbesyk" көп балалы аналар Одағы" ҚБ жетекшісі Ләззат Қожахметова.

– Біздің ауданда аналар түрлі көмек ала алатын орталық ашылғанына қуаныштымын. Енді ол үшін Қарағандыға барудың қажеті жоқ. Бүгін көптеген көп балалы аналар өз сұрақтарына жауап тапты. Мен өзім алты баланың анасымын, "Күміс алқа" белгісінің иегерімін. Көп балалы отбасы ретінде кезек бойынша пәтер алдым. Оқудан өтіп, грант жеңіп алып, өз ісімді аштым. Бүгінде көпбалалы отбасылар үшін көптеген мүмкіндіктер бар, – деп атап өтті Гүлнәр Махмұт.

Көпбалалы отбасылар орталықта қиын өмірлік жағдайлардан шығу үшін кешенді көмек ала алады.
Ол Қарқаралы қаласы, Т. Әубәкіров көшесі, 19 мекенжайы бойынша орналасқан. Телефондары: 8-701-464-96-76, 8-700-365-98-91.