Қарағандылықтарға табиғатқа шығып, сенбілікке қатысуға шақырады

Қарағандылықтарға табиғатқа шығып, сенбілікке қатысуға шақырады

Ертең, 11 маусымда табиғи сенбілік өтеді. Бұл жолы қарағандылықтарға Пришахтинскіде орманшықты ретке келтіру ұсынылды. Көлік ұйымдастырылады, сондай-ақ қажетті мүкәммал беріледі.

Жиналу орны: 11 маусым сағат 11:00 Каскад алаңында.

"Біз қоқысты бөлек жинап, оны қайта өңдеуге тапсыра отырып, орман отырғызудағы сенбілікке қатысуға шақырамыз. Іс-шара Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының тапсырысы бойынша және қолдауымен "Бөл, тапсыр, ұқсат!" жобасы аясында ұйымдастырылды. Біз автобус, сөмкелер, қолғаптар, ауыз су, тәттілер қамтамасыз етеміз, кәсіби фотограф, белсенді ойындар мен музыка, сонымен қатар сыйлықтары бар эковикторина болады. Біздің қатысушыларды аздаған тосынсый күтіп тұр. Қосылыңыз! Ортақ қаламызды таза және әдемі етейік!"— деді сенбілікті ұйымдастырушылар қарағандылықтарға.

Ұйымдастырушыларға сұрақтарды 8-708-317-37-08 (Жасмин) нөмірі бойынша қоюға болады.