Оқу жылының басында Балқашта 10 мектеп жөнделеді

Оқу жылының басында Балқашта 10 мектеп жөнделеді

Маусым айынан бастап Балқашта 10 мектеп жөндеуге кірісті.

Биыл С. Сейфуллин атындағы № 7 мектеп-гимназиясы күрделі жөндеуден өтеді. Қалғандарында желілер, шатыр, қасбет және т.б. қалыпқа келтіріледі.

Осылайша № 8 және 1 ЖББМ-де қоршаулар жөнделеді.

Әл-Фараби атындағы № 16 ЖББМ және Абай атындағы № 2 мектеп-лицейдің шатырларын ретке келтіреді. Соңғысында сонымен қатар қасбет жаңартылады.

Көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға арналған  мектеп-интернатта 1-қабат жөнделеді.

М. Русаков атындағы мектеп-интернаттағы асхана жаңартылады.

№ 4 ЖББМ-де суық және ыстық сумен жабдықтау, ал үшінші мектепте жылу беру жөнделеді. Ы. Алтынсарин атындағы № 25 мектепте электр желілері жөнделеді.

– Қазіргі уақытта барлық шарттар жасалды. Жұмыс кестесі жасалды, – дейді Балқаш қаласының білім бөлімінің бас бухгалтері Ольга Бубнова. – Жөндеу жұмыстары шілде айының соңына дейін аяқталуы тиіс.