Жеңіс Қасымбек Ақтас тұрғындарымен кездесті

Жеңіс Қасымбек Ақтас тұрғындарымен кездесті

Қарағанды облысының Ақтас кентінде тозығы жеткен магистральдық су құбырының мәселесі шешіледі. Сондай-ақ, мұнда газ келеді, көгілдір отынмен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.

Ақтас тұрғындары өңір басшысы Жеңіс Қасымбекпен өзекті мәселелерін талқылады. Облыс әкімі бір топ белсенділердің шақыруымен кенттің мәселесін сол жерде талқылау үшін келді.

Кент әкімі Бауыржан Ақанов абаттандыру жоспарлары туралы баяндады.

Оның айтуынша, асфальт төсеу, көшелерді жарықтандыру биыл да жалғасады. Олар тоғыз ойын алаңын жабдықтауға, екі аула аумағын жөндеуге уәде беріп отыр.

Жылумен қамтуды жақсарту үшін қазандықты жөндеу қажет. Магистральдық су құбырының тозуы салдарынан апаттар жиі болып тұрады. Жеңіс Қасымбек ағымдағы жылы жөндеу жұмыстарын бастауды тапсырды.

Жиында сондай-ақ газдандырудың келешегі туралы да баяндалды. Қалалардан кейін бірінші болып газ алатын елді мекен Ақтас болмақ.

Сонымен қатар дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу мүмкіндігі талқыланды.

Тұрғындар қоғамдық көліктегі қиындықтар, жедел жәрдем көліктерінің жоқтығын айтып шағымданды. Әкім бұл мәселені шешуді, атап айтқанда, жаңа автобусты желіге шығаруды және тағы бір жедел жәрдем көлігін бөлуді тапсырды.