Jas Fund қоры Қарағанды облысының дарынды жастарынан қаржылай қолдау алуға өтінімдер қабылдайды

Jas Fund қоры Қарағанды облысының дарынды жастарынан қаржылай қолдау алуға өтінімдер қабылдайды

Қарағанды облысының дарынды жастарды қолдау қоры Jas Fund республикалық және халықаралық деңгейдегі көшпелі шығармашылық іс-шараларға қатысу үшін, сондай-ақ жастарға арналған зияткерлік, шығармашылық және қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу үшін қаржылық көмек алуға өтінімдер қабылдау туралы хабарлайды.

Өтінімдерді жастардың шығармашылық ұжымдары, жастардың қоғамдық және шығармашылық бірлестіктері, бастамашыл топтар, сондай-ақ 14–28 жас аралығындағы жастардың жекелеген өкілдері бере алады.

Тілек білдірушілер jasfundkrg@gmail.com электрондық поштасына бір PDF файлы түрінде өтінім жіберуі қажет.

Анықтама телефондары: 8-777-573-35-91, 8-778-595-30-79.