Қарағандылық жас робототехниктер мен бағдарламашылар халықаралық байқауда 12 медаль жеңіп алды

Қарағандылық жас робототехниктер мен бағдарламашылар халықаралық байқауда 12 медаль жеңіп алды

Робот-машинаны, ақылды жүйелерді оқушылар INGOMATRIХ-АЅІА 2022 Халықаралық компьютерлік жобалар конкурсында жасап ұсынды. Сүлейман Демирел атындағы университетте жас робототехниктер мен бағдарламашылар сайысы өтті. Оған төрт елден: Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстаннан 365 жасөспірім қатысты.

Қарағанды облысы атынан Қаскелең қаласына Нұрмақов атындағы, "Дарын" ММИ және № 1, 2 "Білім-Инновация" және "Ақпараттық технологиялар" лицейлеріның 17 оқушысы конкурсқа қатысьы. Олар он жобаны ұсынып, 12 медаль жеңіп алды – бес күміс және жеті қола.

Жарыс алты бағыт бойынша өтті: Robotics Computer, Programming Computer, Art Hardware, Control Systems, Short Movie, Mathematics Project. Жобаларды IT саласының сарапшылары бағалады. Нұрмақов атындағы ММИ 9-сынып оқушысы Бақдәулет Арғынғазы команда бірнеше сағат ішінде робот машинасын қалай жасағанын айтып берді.

– Тапсырмаға сай бес сағат ішінде Arduino USB базалық платформасында роботты жинау керек болды. Біз бір жарым сағатта жасадық, бірақ бағдарламалауда қиындықтар туындады. Алайда оны түзете алдық. Нәтижесінде біз екінші орынға ие болдық. Робот элементтерді белгілі бір қашықтыққа жылжытады. Конструкция телефондағы мобильді қосымшаның көмегімен басқарылады", – деп түсіндірді Бақдәулет.

Оның айтуынша, мұндай байқаулар оқушыларға техникалық шығармашылықта тәжірибе алмасуға көмектеседі.

Күміс жүлдегер Дастан Исмаилов "Дарын" ММИ-де оқиды. Сегізінші сынып оқушысы ақылды тұрақ жобасын жасады.

– Халықаралық жарыстарға алғаш рет қатыстым. Бір айдан астам уақыт дайындалдым. Ақылды тұрақ қазір өзекті болып табылады. Бұл ақылды қаланың бір бөлігі. Бос тұрақ орындарын жылдам әрі ыңғайлы іздеу үшін датчиктер мен табло пайдаланылатын жүйені ұсындым, – деді Дастан.

INFOMATRIX-ASIA биыл сегізінші рет өткізілді. Дәстүр бойынша қатысушылардың басын Сүлеймен Демирел атындағы Университет біріктірді. Байқаудың мақсаты - техникалық ғылымдар саласындағы дарынды балаларды анықтау және қолдау, ақпараттық технологияларды дамыту. Ұйымдастырушы – ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен "Білім-Инновация" ХҚҚ.