
Қарағандыда 12 маусым күні сағат 16:00-де Qaragandy Run жеңіл атлетика жарысы өтеді. Міндетті түрде онлайн немесе офлайн тіркелу қажет.
Жүгіру үш жас санатына бөлінеді: 8 жастан 13 жасқа дейін, 14 жастан 17 жасқа дейін, 18 жастан жоғары. Қашықтықтар келесідей: ерлер мен әйелдер – 10 км, бозбалалар мен бойжеткендер – 5 км, ұлдар мен қыздар – 3 км.
Өтетін орны– Оңтүстік-Шығыстағы тутұғыр маңында, Сарыарқа көшесімен Тәттімбет көшесінің қиылысына дейін.
Жарысқа қатысу тегін. Барлық жүгірушілер нөмірі бар жейде мен бір бөтелке су алады.
Жеңімпаздар үшін медальдар мен ақшалай сыйлықтар қарастырылған.
Қашықтық 10 км:
1 орын – 50 000 теңге;
2 орын – 25 000 теңге;
3 орын – 15 000 теңге.
Қашықтық 5 км:
1 орын – 25 000 теңге;
2-орын – 15 000 теңге;
3 орын – 10 000 теңге.
Қашықтық 3 км:
1 орын – 15 000 теңге;
2-орын – 10 000 теңге;
3 орын – 5000 теңге.
11 маусым сағат 12:00-ге дейін іс-шараға тіркелу мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://docs.google.com/forms/d/1TNDzX-KEWJey_DhoqnEQ2vM1xS5yCGzHlldAyx6K0As/edit.
Офлайн-өтінімді 11 маусым күні сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін Бұқар-жырау даңғылы, 50а, "Абзал" СҮ, 1-қабат, № 5 бутик мекен-жайы бойынша беруге болады.
Анықтама телефоны: +7-747-392-66-30 (Айсұлу).