
Саран қаласының ОРМБЖСМ футболшыларының командасы Almaty Cup 2022 дәстүрлі республикалық турнирінің кубогын жеңіп алды. Финалда Қарағанды облысының ойыншылары Алматының ең мықты "Жас Қыран" командасын 4:2 есебімен жеңді.

Жарыс екі топта өтті – ересектер (2011–2012 ж. т.) және кіші топ (2013–2014 ж. т.). Олардың әрқайсысында сегіз команда болды. Саран қаласының футболшылары екеуінде де бақтарын сынап көрді.
– Үлкен балалар турнирге екінші рет қатысып, бесінші орынға ие болды, – дейді Саран қаласының ОРМБЖСМ жаттықтырушы-оқытушысы Владимир Гарипов. – Ал биыл олар жеңіске жетті. Қиын болды деп айта аламын, қарсыластар мықты болды. "Қайраттың" филиалдары болды. Финалда кездескен "Жас Қыран" командасы – Алматы чемпиондары.
Турнирдің үздік ойыншылары болып Саран қаласының футболшылары танылды.

"Үздік қақпашы" санатында Александр Конкин жеңіске жетті.

Үздік ойыншы Милослав Петренко болды.
Кіші топтың футболшылары бірінші рет қатысып, алтыншы орынды иеленді. Владимир Гариповтың айтуынша, ұлдардың болашағы жақсы, алар белестері алда.
Жарыстан кейін футболшылар жаттығуды қайта бастады. Қазір басты міндет – облыс чемпионатында үздік үштікке ену. Ал күзде Алматыдағы турнирге қайта қатысу. Бұл жолы чемпионат Халықаралық болады.