Шахтинск қаласы және Шахан, Новодолинский, Долинка кенттері тұрғындарының назарына!

Шахтинск қаласы және Шахан, Новодолинский, Долинка кенттері тұрғындарының назарына!

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек тұрғындармен кездесіп, жеке қабылдау өткізеді.

Халықпен кездесу 2022 жылғы 9 маусымда 10:00-де Абай Құнанбаев даңғылы, 50, мекенжайы бойынша Шахтинск қаласының Кеншілер мәдениет сарайында өтеді. Жеке қабылдау – 11:30-да.

Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өз өтініштеріңізді мына телефондар арқылы қалдыра аласыздар: (8-72156) 5-38-79 (ішкі – 134), 5-42-40 (ішкі – 107) жұмыс күндері 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) немесе электрондық пошта арқылы жіберу қажет: Shahtinsk_cancel@krg.gov.kz.