
Ұлытауда оқушыларды жаңа білім беру орталығында халықаралық STEAM-олимпиадаға дайындайды.

Ұлытау ауданы әкімінің жас кәсіпкерлерді қолдау грантының иегері Маржан Аханова Academ IT school ашты.

– Мен Ұлытау ауданы әкімінің гранттарына арналған конкурсқа қатысып, 900 мың теңге ұтып алдым. "Бастау Бизнес" бағдарламасы бойынша білім алып, ақпараттық технологиялар бойынша білім беру орталығын аштым, – дейді кәсіпкер. – Ол үшін "Қазпошта" филиалының ғимаратынан жалға үй-жай алдым. Орталықта менімен санағанда екі адам жұмыс істейді, біз басқа қалалардан бағдарламашы-тренерлерді шақыруды көздеп отырмыз. "Атамекен" кәсіпкерлер палатасымен офлайн-курстар өткізу бойынша, сондай-ақ біздің ауданның білім басқармасымен ынтымақтастық жасасу жоспарда бар.

Білім беру орталығында бағдарламалау курстары ғана емес, сонымен қатар компьютерлік сауаттылық та жұмыс істейтін болады. Бір топты 8 адамнан құрап, оқыту жоспарлануда.

– Орталықтағы интернет барлық пайдаланушыларға қолжетімді. Бізде әзірге үш ноутбук пен компьютерлердің екі жиынтығы, сондай-ақ 3D-модельдеуге арналған принтер, VR-360 көзілдірігі, түрлі-түсті принтер, біреуінде үш принтері бар whiteboard-тақта және басқа да жабдықтар бар, – дейді Маржан Аханова.
Оның айтуынша, орталық жұмысын 17 маусымнан бастайды. Бірінші топты халықаралық STEAM олимпиадасына дайындалатын оқушылар құрайды.