Қазақстандықтарға жүргізуші куәлігін алу бойынша интернет-алаяқтықтан сақ болу туралы ескертеді

Қазақстандықтарға жүргізуші куәлігін алу бойынша интернет-алаяқтықтан сақ болу туралы ескертеді

Емтихан тапсырмастан жүргізуші куәлігін алуға көмек ұсынатын алаяқтардың халықты алдау жағдайлары жиілеп кетті. Олар бұл туралы хабарламаны әлеуметтік желілерде ашық түрде жариялайды. Азаматтарға арналған үкімет осындай қызметтерге жүгінуден бас тартуды ұсынады.

Зиянкестер қарапайым кесте бойынша әрекет етеді. Клиент оларға қоңырау шалған кезде, олар дайын жүргізуші куәлігін алу үшін белгілі бір соманы сұрайды және ол құжатты бір айдың көлемінде жасап береміз деп уәде береді. Төлемді алғаннан кейін олар жасырынып, телефондарын өшіреді.

Азаматтарға арналған үкімет жүргізуші куәлігін тек мамандандырылған ХҚКО-да тиісті емтихандардан өткеннен кейін алуға болатынын еске салады. Жүргізуші куәлігін уәкілетті орган ғана береді.

Алаяқтардың торына түсіп қалмас үшін қазақстандықтардан қырағы болуды және бөгде адамдарға ақшалай қаражат пен өзінің жеке деректерін бермеуді сұрайды.

Жүргізуші куәліктерін дайындау тәртібі мен қағидаларымен Мемлекеттік корпорацияның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында, сондай-ақ egov.kz порталында танысуға болады.

Егер сіз алаяқтыққа тап болсаңыз, құқық қорғау органдарына хабарласуыңыз қажет.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ақпараты бойынша