
Қарағанды мен Теміртауда Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған акциялар өтті. Мұндай іс-шараларды Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы қолдап отыр.

Акция Теміртауда басталды. Мұнда № 16 мектептің оқушылары мен педагогтары бірнеше танымдық секция ұйымдастырды. Оқушылар тұрғындарға қоршаған ортаны сақтау үшін олардың әрқайсысы қандай үлес қоса алатынын айтты. Ақпараттандыру барысында олар ауаның ластануы және қалдықтармен күресу жолдары туралы түсіндірді. Құрттар мен арнайы микроорганизмдерді қолдана отырып, органикалық қалдықтарды компосттау процесі қалай жүретінін өз көзімен көру мүмкіндігі ұсынылды.

Экошаралар эстафетасын Қарағанды қаласы қабылдады. Экомұражайды № 4 мектеп-интернат оқушылары үшін экскурсия-викторина өтті.

Балалар өңірдің экологиялық мәселелеріне арналған сұрақтарға жауап бере отырып, оларды шешудің жолдарын ұсынды.

Белсенді қатысқаны үшін оқушыларға экодорбалар сыйлады.

Содан кейін №74 мектеп оқушыларына экологиялық тапсырмалар ұсынылды. Онда бірнеше тақырыптар болды: жануарларды қорғау, ғарышты зерттеу және олардың қоршаған ортаға әсері, энергияны үнемдеу.

Акцияның соңғы кезеңі орталық саябақта өткен викторинамен тәмамдалды.

Саябақта серуендеп жүрген адамдар экологияға байланысты сұрақтарға жауап берді, ал қызықты және дұрыс жауаптар үшін оларға сыйлықтар табыс етілді.
