
Көрермендер назарына жаңа спектакльді С. Сейфуллин атындағы Қарағанды академиялық қазақ драма театры ұсынады. «Текебұрқақ» философиялық туындының премьерасы 9 және 10 маусымда өтеді.

Спектакльді қоюшылар жанрды пластикалық морфоз деп анықтады. Пьесаның авторы Шерхан Мұртаза саундрамаға жақындауға тырысқан. Әртістер сахнада ерекше қырынан бой көрсетеді. Олар өздерінің эмоцияларын музыкалық аспаптарда ойнау арқылы жеткізеді.

Спектакль терең философиялық бағдарға ие. Адамзат ана табиғатымен және тарихи тамырларымен байланысын жоғалтады. Мұның бәрі рухани кедейлікке әкеледі.

– Бұрын Адам табиғатпен үйлесімде болатын, онымен бірге дамып келген, ал бүгінде бұл байланысты жоғалтып барады, – деп есептейді қоюшы режиссер Айдын Салбанов. – Сонымен қатар, басқа өмір салтына еліктей отырып, біз өз мәдениетімізді, тағдырымызды жоғалтамыз деген үрей бар. Біз тамырларымызды ұмытпауымыз керек. Спектакльде жаңа театр трендтерін қолдану театрға алға ұмтылуға, дамуға және жаңа қуатқа ие болуға мүмкіндік береді.

Қойылым сағат 18:30-да басталады.
Анықтама телефондары: (8-7212) 41-39-89, 42-02-97.