
Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасын конкурстық іріктеу нәтижесі бойынша Қалдыбек Исмаилов басқарды. Аппараттық кеңесте жаңа басшыны өңір әкімі Жеңіс Қасымбек таныстырды.
Қалдыбек Исмаиловтың үш жоғары білімі бар: 1997 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының емдеу факультетін, ал 2014 жылы Алматы Экономика және статистика академиясын "менеджмент" мамандығын және 2020 жылы – «Денсаулық сақтау саласындағы менеджмент» мамандығы бойынша MBA магистрлігін бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы бастаған. Қарағанды қаласының "Фтизиатрия" ҚБ бас дәрігерінің орынбасары, фтизиохирург дәрігер болып жұмыс істеді.
2012 жылдан – Жезқазған туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері. Одан кейін Теміртау туберкулезге қарсы диспансерінің директоры, Қарағанды облыстық туберкулезге қарсы диспансері директорының орынбасары қызметтерін атқарды.
2017 жылдан 2018 жылға дейін Алматы қаласындағы Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының емдеу жөніндегі үйлестірушісі, директордың орынбасары болды.
2018 жылдың қазан айынан бастап осы уақытқа дейін Қарағанды облыстық фтизиопульмонология орталығын басқарды.