Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды ​​облысы бойынша департаментінің басшысы ауысты

Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды ​​облысы бойынша департаментінің басшысы ауысты

Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы болып Ербол Жолдаңғар тағайындалды. Аппараттық кеңесте ведомствоның жаңа басшысын өңір әкімі Жеңіс Қасымбек таныстырды.

Ербол Жолдангардың "Құқық және экономика негіздері" және "Құқықтану" мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар. Еңбек жолын 2002 жылы Көкшетау қалалық сотында бастаған. Содан кейін Ақмола облысы бойынша Мәдениет және монополияға қарсы инспекция басқармасында басшы лауазымдарда жұмыс істеді.

2013 жылдан бастап мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган жүйесінде әртүрлі лауазымдарды атқарды. Тағайындалғанға дейін соңғы 3 жыл ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

Мемлекеттік қызметтегі жалпы жұмыс өтілі 18 жылдан асады.