Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментін Әнуар Мәдиев басқарды

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментін Әнуар Мәдиев басқарды

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып Әнуар Мәдиев тағайындалды. Өңір әкімі Жеңіс Қасымбек  жаңа басшыны аппараттық кеңесте таныстырды.

Әнуар Мәдиев білімі бойынша заңгер, экономист. ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтын және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін үздік бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 2000 жылы ішкі істер органдарында бастаған. Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 19 жылды құрайды. ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде сарапшы, бас сарапшы, премьер-министр кеңсесінде бас сарапшы, Қарағанды облысы бойынша Салық департаменті басшысының орынбасары, ведомстволық бақылау басқармасының сарапшысы, ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитетінің экспорттық бақылау басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

2019 жылғы наурыздан бастап осы уақытқа дейін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сауда айналымы басқармасының басшысы қызметін атқарды.