
Қарағанды облысындағы референдумға келудің алдын ала қорытындылары шығарылды. Аумақтық комиссиялар ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 5 маусымда сағат 22:00-дегі жағдай бойынша бюллетеньдер тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 77,39 %-ын алды.
Шет ауданының тұрғындары ең жоғары белсенділік танытты – 87,1%.
Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысында 777 учаске жұмыс істеді. Референдумға 880 мың қатысушы тіркелді. Дауыс беру процесін партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің бақылаушылары қадағалады.