
Бүгін Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің 25 оқытушысы "Ұлытауға тағзым" ультрамарафонына қатысты. Жарыс ЖОО-ның жарты ғасырлық мерейтойына арналған.

Алғашқы болып сағат 04:00-де Жастар алаңынан дене шынықтыру және спорттық дайындық теориясы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Бақдәулет Тілеубек бастады. Ол 42 км жүгіреді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, екі күн ішінде марафоншылар Қарағанды – Ұлытау бағыты бойынша 700 шақырым өтуі тиіс.
– Марафон бес топқа бөлінген. Марафоншылардың бірі 50 км жүгірсе, басқалары 42 және 30 км жүріп өтеді, мен 21 км қашықтықты еңсеруді шештім, – деді спорттық іс-шараны ұйымдастырушы Марат Тұрымов. Марафон Ұлытау ауданы мұражайының алдында аяқталады.