20 маусымнан бастап Қарағанды облысында "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдау басталады

20 маусымнан бастап Қарағанды облысында "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдау басталады

20 маусымнан бастап "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдау басталады. Бұл туралы банк өзінің Facebook-тегі ресми парақшасында хабарлады.

Бағдарламаға тек әкімдікте кезекте тұрғандар ғана қатыса алады:

- көпбалалы отбасы;

- мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасы;

- толық емес отбасы (неке бұзылған сәттен бастап кемінде үш жыл өтуі керек).

"Жолдама алу үшін әкімдіктерге барудың қажеті жоқ. Барлық өтінімдер тек www.otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында онлайн қабылданады. Биылғы жылы да, өткен жылдағыдай, лимиттерді бөлу кезінде басымдық мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға берілетін болады", – деп хабарлады банкте.

Бағдарламаның шарттары:

- несие мөлшерлемесі – жылдық 2%;

- бастапқы жарна – 10%.

Барлық ресми ақпаратты @otbasy_bank_kz парақшасынан білуге болады.