Қарағандыда WorldSkills Karaganda 2022 аймақтық чемпионатының жеңімпаздары анықталды

Қарағандыда WorldSkills Karaganda 2022 аймақтық чемпионатының жеңімпаздары анықталды

Қарағандыда WorldSkills Karaganda 2022 өңірлік чемпионатының қорытындысы шығарылды. Байқауда колледждердің 138 студенті жүлдегер атанды.

Кәсіби шеберліктің алтыншы аймақтық чемпионаты колледждер базасында 17 жарыс алаңында өткізілді. Биыл оған 16–22 жас аралығындағы 310 студент қатысты. Олар 52 құзыреттілік бойынша кәсіби шеберліктерін сынады. 

Болашақ музыка педагогтарының арасында Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің студенті Ақниет Тлеужан бірінші орын алды. Бойжеткен бейнепрезентация жүргізіп, тамаша вокалдық қабілеттерін көрсетті, оқушылармен өткізген ашық сабақтың үзіндісін көрсетті.

– Біздің мамандық чемпионатқа алғаш рет енгізілді. Біздің құзыретімізде Қарағанды, Саран, Балқаш және Жезқазғаннан келген бес студент жарысты, – деді Ақниет. – Менің қарсыластарым мықты болды. Енді республикалық чемпионатқа дайындаламын. Мен жеңіске үміттенемін.

Колледждің тағы бір түлегі Полина Котова бірінші дәрежелі диплом иегері атанды. Бойжеткен "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" мамандығы бойынша оқыды. Чемпионаттың жүлдегерлері облыстың барлық колледждерінің 138 студенті болды.

"WorldSkills чемпионаттары жастарды экономиканың өндірістік секторына тартуға, индустриялық және сервистік мамандықтарды дамытуға ықпал етеді, – деп атап өтті ұйымдастырушылар. – Мұндай жарыстар жаңа идеялар туғызады және білікті кадрларды даярлауда трендтер жасайды, кәсіптік білім беру сапасын арттыруға және жаңа халықаралық деңгейдегі маман қалыптастыруға мүмкіндік береді".

Бірінші орын алған студенттер WorldSkills Kazakhstan 2022 Ұлттық чемпионатында Қарағанды облысының намысын қорғайды.