ҚарУ ректоры Нұрлан Дулатбеков "Құрмет" орденімен марапатталды

ҚарУ ректоры Нұрлан Дулатбеков "Құрмет" орденімен марапатталды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Марапаттар еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі және ғылыми қызметтегі ерекше еңбегі үшін бірқатар ғалымдарға берілді.

"Құрмет" ордені" Академик Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" КЕАҚ ректоры Нұрлан Дулатбековке берілді.

Нұрлан Дулатбеков – заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі. 2020 жылдың тамыз айынан бастап Е. Бөкетов атындағы ҚарУ басқарады.