
Алматыда барлық жас топтары арасында жабдықтық және классикалық зілтемірді жатып көтеруден әлем чемпионаты өтті. Қарағандылық спортшылар 28 медаль – 14 алтын, жеті күміс және қола медаль жеңіп алды.
Жарысқа 35 елден спортшылар қатысты. Қарағанды облысынан 21 спортшы қатысты.

1949 жылы туған Дәрібай Оспанов тағы да әлем чемпионы атанды. Жабдықтық сығымдауда спорт ардагері 142,5 кг нәтиже көрсетті.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Ақадыр кентінде тұратын ақсақал Литвада өткен әлем біріншілігінде екі рет алтын медаль жеңіп алған болатын. 2022 жылы Алматыда өткен чемпионатта үш қарағандылық жеңіске жетті – Наталья Цхай, Александра Горяева және Бақтыгүл Қошанова. Спортшылар жабдықта да, классикада да жеңімпаз атанды.

Чемпионаттың алтын жүлдесін Айтас Оспанов, Полина Онуфрак, Антон Марченко, Василий Щербин, Андрей Журавлев, Алмаз Оспанов және Қайрат Ісжанов иеленді.

Күміс жүлдегерлер: Евгений Нефедов, Андрей Журавлев, Дәрібай Оспанов, Абдулкарим Қараман, Алмаз Оспанов, Мәлік Белдінов және Айгүл Қисықова.
Қола жүлдені Андрей Шпицер, Мәлік Белдінов, Айгүл Қисықова, Венера Курец, Виктор Букин, Евгений Ермышев және Артем Грязев жеңіп алды.
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша