
Орталық коммуникациялар қызметінің аймақтық алаңында облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековтің қатысуымен «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыру» тақырыбында брифинг өтті.
Аймақ басшысы осы күнге дейін Қарағанды облысында Ұлт жоспарын жүзеге асыру бағытында атқаралыған жұмыстарды саралап, атқаралатын жұмыстардың жайын айтып берді.
Айта кету керек, бүгінгі таңда құқықтық жүйені дамытудың барлық қадамдары жүзеге асқан. Бас сатылы сот жүйесін үш деңгейлі сотқа ауыстыру бағытында бірқатар шаралар атқарылған. Облыста жекелеген сот орындаушыларына әлеуметтік маңызды категориялар бойынша, әкімшілік айыппұлдар бойынша істерді тапсыру жұмысы белсенді жүргізілуде. Қазіргі таңда аймақта 114 жеке сот орындаушылары бар.
Ал жергілікті полиция қызметкері туралы айтар болсақ, мұнда қызметкерлер саны 2 702 адам, сонымен қатар 134 қоғамдық тәртіп сақтау құрылымдары өз жұмысын бастады.
Экономиканы жаңғырту мен өсу барысы туралы облыс әкімі жер бөлімі, құрылыс, электроэнергетика, агроөндірістік кешендерде айтарлықтай алға жылжу барын атап өтті.
Бұдан бөлек, Нұрмұхамбет Әбдібеков мүлік пен қаржыны жекешелендіруді экономиканы дамытудың басты талаптарының бірі екенін атап өтті. Қазіргі таңда аймақта құны 5,6 млрд. теңгелік 370 нысан және 4,8 млрд. теңге жекешелендірілген.
Инвестиция тарту мақсатында 2016 жылға арналған жоспар бекітілген. Онда барлық іс-шаралар аймақтың инвестициялық климатын арттыруға бағытталған. Шетелдік инвесторлармен облысымызда жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Мәселен қытайлық Цинхуа энергетикалық корпорациясымен көмірді терең өңдеуге қатысты келісім шарт жасалған.
2015 жылдың желтоқсан айынан бастап америкалық «Haliburton» компаниясымен баритті кендерді қайта өңдеуге бағытталған «KarazhalOperаting» ЖШС зауыты іске қосылды. Қазірге дейін аталмыш зауыт 3, 100 тонна баритті концентрат өндірген. Металлургиялық, химиялық және азық-түлік кәсіпорындарының қажеттілігін өтеу мақсатында белгиялық компанияның қатысуымен жоғары сапалы әк өндіретін зауыттың құрылысы басталды.
Сонымен қатар оқ зауыты құрылысының басталды.
Сонымен қатар облысымызда экономикалық дамудың басты бағыттарының бірі ретінде туризм мен ауылшаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде.
Нұрмұхамбет Әбдібеков әлеуметтік сала – білім беру мен денсаулық сақтауға ерекше тоқталып өтті. Ол аймақта жаратылыстану-математика бағытындағы ұстаздардың ағылышын тілінде сабақ беру біліктіліктерін жетілдіретін курстардың үнемі өткізіліп тұратындығын айтып өтті.
Денсаулық саласына келер болсақ, бүгінгі таңда тегін медициналық көмек көрсетуге неғұрлым көп жеке қызмет көрсетушілер тартылған. Облыста мемлекеттік-жекеменшік серіктестік механизмі белсенді түрде дамып келеді. Ағымдағы жылы аймақта құны 1 млрд теңгелік 12 ГЧП жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Бұдан бөлек 2016 жылдың соңына дейін 27 ауылдың дәрігерлік амбулатория ашылады.
Аймақ басшысы өз баяндамасында көрсетіліп жатқан әлеуметтік көмектер, қазақстандық бірлік пен тұтастықты дамыту және нығайту туралы, азаматтық белсенділікті арттыру мен жастар саясаты туралы кеңінен баяндап өтті.
Сөз соңында Нұрмұхамбет Әбдібеков журналист таратыпан қойылған электроұтқырлық, геологиялық сала және Ұлт Жоспарын жүзеге асыру бағытында қойылған түрлі сауалдарға жауап берді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі