Қарағандылық құтқарушылар балалар үйінің тәрбиеленушілерін киноға шақырды

Қарағандылық құтқарушылар балалар үйінің тәрбиеленушілерін киноға шақырды

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері балаларды қорғау күні қарсаңында балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін кинотеатрға сапар ұйымдастырды. Жас көрермендер үшін тәтті тағам дайындалды.

Балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін кинотеатрға бару – бұл жай ғана фильм көру емес, ерекше оқиға, себебі олар құтқарушылармен бірге көңілді кеш өткізді. 

Балалар отандық кинематографтың комедиясын үлкен қызығушылықпен тамашалады.

– Қарағанды облысының ТЖД әр түрлі қайырымдылық акцияларын тұрақты түрде өткізеді және оған қатысады, – дейді Қарағанды облысы ТЖД кадр саясаты басқармасының бастығы Үмбет Қаналин. – Бұл ретте балаларға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл осы балалар үшін жасай алатын шағын қолдауымыз. Мұндай жақсылық олардың есінде ұзақ уақыт қалады.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша