1 маусымда Қарағандыда балалар үшін жол жүру тегін болады

1 маусымда Қарағандыда балалар үшін жол жүру тегін болады

1 маусымда Қарағандыда 16 жасқа дейінгі балалар үшін қоғамдық көлікте тегін жол жүру ұйымдастырылады. Мұндай шешімді балаларды қорғау күнін мерекелеуге орай қаланың автопарктері қабылдады.

"1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай қаланың автопарктерімен 16 жасқа дейінгі балалар үшін (қоса алғанда) қоғамдық көлікте тегін жол жүру туралы шешім қабылданды. Ол үшін 14 жасқа дейінгі балаларға кондукторларға ONAY атаулы көлік картасын ұсыну қажет! Ал 14-16 жас аралығындағы жасөспірімдерде өзімен бірге жасын растайтын құжат болуы қажет", – деп хабарлады Қарағанды әкімдігі.

Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық балаларды қорғау күні жыл сайын 1 маусымда атап өтіледі. Мереке 1949 жылдың қарашасында бекітілді.