
Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы 1 маусым күні сағат 11:00-де Орталық мәдениет және демалыс саябағының аллеясында жас оқырмандар мен қала тұрғындарына арналған "Әдеби кейіпкерлер шеруін" өткізеді. Қатысушыларды жинау кітапхана жанында сағат 10:30-да басталады.
"Әдеби кейіпкерлердің шеруі" Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған. Бағдарламада көшпелі оқу залы, конкурстар, ойындар, викториналар және балаларға арналған жаңа кітаптар болады.