Қарағандының ерекше балалары өнер әлеміне ене алады

Қарағандының ерекше балалары өнер әлеміне ене алады

Қарағандының көзі көрмейтін және нашар көретін балаларын өнер туындыларымен таныстыру – Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайымен бірлесіп "Дара" қайырымдылық қоры алдарына осындай мақсат қойды. Халықаралық балаларды қорғау күнінде "Әлемді ашамыз: Қазақстан мұражайларында қолжетімді орта құру" жобасы таныстырылады.

Бейнелеу өнері мұражайында арнайы ауызша сипаттама (аудиодескрипция) және тактильді модельдер көмегімен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар 27 өнер туындылары туралы біледі. Бедерлі көлемді төрт тактильді модельді қарағандылық суретші Виктор Арент жасағанын атап өткен жөн.

Қазақ және орыс тілдерінде дыбысталған экспонаттар Қазақстан, Ресей бейнелеу өнері, сондай-ақ репрессияға ұшыраған суретшілердің жұмыстары. Дыбыс жолдарының жалпы саны – 54.

Кәсіби дикторлардан басқа, аудиодескрипция жазуға Қарағанды облысының тумалары, белгілі жерлестер мен өнер қайраткерлері, "Дара" қорының шақырылған достары, демеушілері мен серіктестері тартылды.

Жоба аясында экспонаттардың қолжетімділігі мәселелері бойынша зағип сарапшылар тартылды. Мұражай қызметкерлері көзі көрмейтін және нашар көретін келушілермен жұмыс істеу бойынша оқытудан өтті.

Тұсаукесер сағат 11:00-де басталады.