
«Қауіпсіз қала» жобасын іске асыру аясында 1 маусымнан бастап Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Сәтбаев және Саран автомобиль жолдарында 20 «Megacam.Argus-Қиылыс» аппараттық-бағдарламалық кешені пайдалануға беріледі. Камералар жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін тіркейді.
Мәселен, Қарағандыда 10 камера, Теміртауда – төрт, Жезқазғанда, Сәтбаевта және Саранда әр қалада екі камерадан жұмыс істей бастайды. Қарағанды облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аппараттық-бағдарламалық кешендер жол белгілерімен немесе жүріс бөлігінің таңбаларымен ұйғарылған талаптарды сақтамау бойынша бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеуге (ҚР ӘҚБК 601-бабы), сондай-ақ бағдаршамның тыйым салатын сигналына (ҚР ӘҚБК 599-бабы) өтуде жігерілген бұзушылықтарды тіркеуге арналған.
Кешендердің орналасу орындары:
Қарағанды қаласы:
- «15-ші магистраль – Попов көшесі» қиылысы (қозғалыстың екі жағынан);
- Н. Әбдіров даңғылы, Ахмет Байтұрсынұлы мектеп-гимназиясының жанында (қозғалыстың екі жағынан);
- «Бұқар жырау даңғылы – Затаевич көшесі» қиылысы (қозғалыстың екі жағынан);
- «Тәттімбет көшесі – Момышұлы көшесі» қиылысы (қозғалыстың екі жағынан);
- «Бұқар жырау даңғылы – Ермеков көшесі» қиылысы (қозғалыстың екі жағынан).
Теміртау қаласы:
– «Республика даңғылы – Момышұлы даңғылы» қиылысы (қозғалыстың екі жағынан);
– «Республика даңғылы – Сейфуллин көшесі» қиылысы (қозғалыстың екі жағынан).
Жезқазған қаласы:
- «Алашахан көшесі – Сейфуллин көшесі» қиылысы (қозғалыстың екі жағынан).
Сәтбаев қаласы:
«Абай көшесі – Сәтпаев көшесі» қиылысы (қозғалыстың екі жағынан).
Саран қаласы:
– «Жамбыл көшесі – Шахтерская көшесі» қиылысы;
– «Чкалов көшесі – Рабочая көшесі» қиылысы.