
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні Қарағандыда митинг-реквием ұйымдастырылды. Дәстүр бойынша іс-шара Спасск мемориалдық кешенінде өтті.

Спасск көптеген шет мемлекеттер үшін ұмытылмас орынға айналды. Мұнда қуғын-сүргіннің қыспағына түскен адамдар мәңгі тыныштық тапты.

Митингке Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек қатысты. Сондай-ақ, зардап шеккендерге құрмет көрсету үшін елшіліктер мен дипломатиялық миссиялардың өкілдері келді.
Мұнда түрлі мемлекеттер қуғын-сүргінге ұшыраған халықтарға 28 ескерткіш белгі орнатқан. Митингке қатысушылар оларға гүл шоқтарын қойды.

– Бұл өткен ғасырда орын алған үлкен трагедия. Біздің парызымыз – бұл естеліктің барша халықтың есінде сақтау, – деді Жапонияның Қазақстандағы елшісі Джун Ямада. – Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Қазақстан жерінде 50 мың жапондықтар қалды. Олардың барлығы да отанына орала алмады. Бірақ барлық жапондықтар қазақтарға баспана мен көмек бергені үшін алғыс білдіреді, соның арқасында олар аман қалды.

– Бүгін біз еріксіз ұлы далада қалып, осында мәңгі қалғандарды еске аламыз, – дейді Қазақстанның "Вайнах" шешендер мен ингуштер қауымдастығының тең төрағасы Юсуп Келигов. – Біз сол қиын кезеңді есте сақтауымыз керек және бұл қайталанбауы үшін оны жаңа ұрпақтың есіне салып, түсіндіруіміз керек. Біздің ата-бабаларымыз да осында жатыр, Мен де қуғын-сүргінге ұшырағандардың ұрпағымын. Тек қазақ халқының мейірімділігінің арқасында басқа халықтар аман қалды.
Спасск мемориалдық кешені 2004 жылы тоталитаризм жылдарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының жерленген жерінде құрылды. Мұнда 1930–1950 жылдары КСРО ІІХК-ІІМ бөлімшелері, әскери тұтқындар мен тұтқындарға, сондай-ақ қуғын-сүргінге ұшыраған КСРО азаматтарға арналған лагерь орналасты. Мұрағаттарға сәйкес, Спасск зиратында 5 мыңнан астам адам, 50-ден астам ұлт өкілдері жерленген.