
4 маусымда Қарағандыда барлық спорт әуесқойлары үшін велосипед жарысы өтеді. Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналды.
Велосипедшілердің жасы – 14 жастан жоғары болуы керек.
Жарысқа қатысу үшін велосипед, спорттық форма және қорғаныс шлемі болуы қажет.
Бағыт – Республика даңғылындағы Тутұғырдан Әлиханов көшесіндегі Тәуелсіздік стеласына дейін.
Жолдың ұзындығы – 6 шақырым 800 метр.
Жиналу сағат 09:00-де Оңтүстік-Шығыстағы Тутұғыр алдындағы алаңда.
Веложарыстың басталуы сағат 10:00-де.