Қарағанды облысында әскери оркестрлердің байқауы өтті

Қарағанды облысында әскери оркестрлердің байқауы өтті

Шеру-дефиле, классикалық және эстрадалық музыка-әскери оркестрлер қарағандылықтарды әсерлі бағдарламамен қуантты. Өңірде "Әскери керней" әскери-музыкалық фестивалінің іріктеу кезеңі өтті.

Теміртау мен Қарағандыда ҚР Ұлттық ұланының "Орталық" өңірлік қолбасшылығының үздік оркестрлері өнер көрсетті.

– "Әскери керней" фестивалі дәстүрлі түрде өтеді. Екі жыл бойы біз пандемияға байланысты көпшілікпен кездескен жоқпыз. Ашық алаңдарда тағы да өнер көрсетуге қуаныштымыз. Репертуарымыз алуан түрлі – классикадан джазға дейін. Биыл фестиваль Қазақстан полициясының 30 жылдығына орайластырылған. Қазір бірінші кезең – өңірлік қолбасшылықтар арасындағы байқау-конкурс өтуде. Біздің концерттік бағдарламаға Қарағанды, Көкшетау және Қостанай әскери оркестрлері қатысады. Нәтижесінде жиынтық оркестр құрылады, ол маусым айында Нұр-Сұлтанға финалға барады, – деді ҚР Ұлттық ұланының 6505 әскери бөлімі оркестрінің дирижері Станислав Құдабаев.

Қарағандының Орталық саябағының жағалауында әскери музыканттар жаңбыр астында өнер көрсетті. Қолайсыз ауа-райы мерекенің шырқын бұзбады.

"Әрқашан күн болсын!", танго "Рио-Рита", "Катюша" – көрермендер алғашқы аккордтардан шығармаларды танып, әуендерге қол шапалақтап, ұялы телефондарға түсірді.

Кейбіреулер тіпті оркестрдің әуеніне қосылып би биледі.