Балқаш курорттық аймағында қандай жолдар жөнделеді

Балқаш курорттық аймағында қандай жолдар жөнделеді

Балқаш курорттық аймағында Тораңғалық және Шұбар-Түбек кенттерінің жолдары асфальтталды. Балқаш – Шашубай жолын жөндеу аяқталды. Көлік инфрақұрылымын жақсарту жалғасуда.

Осы жылға арналған жобалар туралы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Сәбит Оспанов айтып берді.

– Қоңырат ауданында ұзындығы 14,5 км болатын облыстық маңызы бар Ақтоғай – Балқаш жолының орташа жөндеуі аяқталады. – Бұл туристерге ыңғайлы болу үшін көлік инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік береді.

Ұлытау ауданында «Жошы хан» кешені мен «Домбауыл» кесенесіне жол салынады. Мердігерді таңдау конкурсы өтті, жазда жұмыстар басталуы тиіс.