Омыртқаралық жарықтарын жедел жоюдың жаңа әдісі он қарағандылыққа көмектесті

Омыртқаралық жарықтарын жедел жоюдың жаңа әдісі он қарағандылыққа көмектесті

Профессор Мақажанов атындағы көпсалалы клиниканың хирургтары омыртқа жарығын алып тастау үшін эндоскопиялық операциялар жүргізеді. Жыл басынан бері олар он науқасқа осындай операция жасады.

Омыртқа жарығы -  кең таралған ауру. Профессор Мақажанов атындағы көпсалалы клиникада жылына осындай диагнозы бар 150-ге жуық пациент келіп түседі. Осы жылдан бастап бұл дертті жою операциялары эндоскоптың көмегімен – пункция арқылы жүзеге асырылады. Бұл әдіс жұмсақ және тиімді болып саналады, дискінің жарығына жеткенде сау тіндердің жарақаттануын болдырмайды. Науқастар тезірек қалпына келеді және ауруханада аз жатады.

Шахтинск қаласының тұрғыны Григорий О. бірнеше айдан бері белі ауырып, дәрігердің көмегіне жүгінген. Соңғы екі айда ол дертіне аяқтың ауыруы қосылды. 44 жастағы ер адам қозғала алмай қиналған. МРТ омыртқа арасындағы дискіде жарық барын көрсеткен. Григорийге алғашқылардың бірі болып жарықты жаңа әдіспен алып тастау операциясы жасалды.

– Операциядан кейінгі күні мен өз бетіммен қозғала бастадым. Үш күннен кейін мені үйіме босатты. Әрине, операцияға дейінгі жағдайммен салыстыруға болмайды. Қазір емдеуді жалғастырамын, маусым айында оңалтудан өтемін, оны ота сияқты портал арқылы тегін тағайындады, – деді Григорий.

Омыртқааралық жарықтың әр жағдайы ерекше болады және, өкінішке орай, кейде эндоскопияны қолдануға болмайды, дейді дәрігерлер. 

– Мысалы, жарық үлкен болған кезде, ол эндоскоптың жұмыс каналының мөлшерінен үлкен болады. Егер жарық жылжып кетсе, адам онымен ұзақ уақыт жүреді, жарықтың жан жағы бітіп кетуі сияқты анатомиялық ерекшеліктер пайда болады. Мұндай жағдайларда технологияның мәні жоғалады, операция ашық әдіспен, микроскоппен жүргізіледі, – деп түсіндіреді Нұрлан Жұмаділов.

Жыл басынан бері клиника дәрігерлері омыртқааралық дискінің жарығын жою үшін 22 операция жасады, оның 10-ы жаңа әдіспен. Сақтандырылған пациенттер үшін операциялар тегін, клиника медициналық сақтандыру қорының шығындарын өтейді. Бір операцияның құны – 314 мың теңге.

Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша