
БҰҰ өкілдері Қарағанды өңіріндегі төтенше қауіпсіздік мекемесінде және әйелдер колониясында болды. Сарапшылар Облыстың ҚАЖД пилоттық пенитенциарлық мекемелеріндегі бағдарлама қызметінің нәтижелерімен танысты.

Өңірде экстремистік және террористік бағыттағы қылмыстары үшін, сондай-ақ пенитенциарлық мекемелерде зорлық-зомбылық туғызатын радикалданудың алдын алу үшін сотталғандармен жұмыс істеу бойынша ЕО-БҰҰ және ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің бірлескен жобасы іске асырылуда.

Қарағанды облысында оған бес мекеме қатысады. Мұнда төрт мыңнан астам сотталған, оның ішінде экстремизм мен терроризм үшін 60-қа жуық адам ұсталады.

Жобаға Еуропалық Одақ пен Нидерланды үкіметі қаржылай қолдау көрсетеді.

– Жаһандық бағдарлама аясында Қазақстанға 1 200 000 доллар бөлінді. Олардың 500 мыңы осы санаттағы сотталғандарды оңалту бағдарламаларын іске асыру үшін қажетті мультимедиялық жабдыққа, мүкәммал мен жиһазға жұмсалды, – деп хабарлады БҰҰ ЕҚБ бағдарламалық кеңсесі басшысының м. а. Мадина Сариева. – Сондай-ақ сотталғандардың тәуекелдері мен қажеттіліктерін бағалау бойынша бірлескен бағдарлама әзірленді, соның арқасында мекеме қызметкерлері жазаны өтеудің жеке жоспарларын әзірлей алады. Бұл пенитенциарлық мекемелерде экстремистік идеологияның таралуының уақтылы алдын алуға ықпал етеді.

Сарапшылар сотталғандарды оқыту және еңбекпен қамту мәселелеріне көп көңіл бөледі.

Мысалы, Қарағанды облысының әйелдер колониясында визажистер және маникюр ісі курстары ұйымдастырылған.

Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ақпараты бойынша