
1 маусымда Орталық мәдениет және демалыс саябағы жағалауында Қазақ күресінен "Бала Барысы" атты командалық қалалық турнир өтеді. Жарысты қалалық әкімдік балаларды қорғау күніне орай өткізуді жоспарлап отыр.
Турнирге Қарағанды облысында тұратын 2006–2007 жылғы жасөспірімдер командалары қатыса алады. Команда құрамы – жеті адам. Салмақ санаты: 50, 55, 60, 65, 70, 76, +76 кг.
Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының құрама командаларының қазіргі мүшелері және СШК және одан жоғары дәрежесі бар спортшылар қатысуға жіберілмейді.
Жарыс жүлдегерлері кубоктармен, медальдармен, грамоталармен, дипломдармен және спорт дүкенінің сыйлық сертификаттарымен марапатталады.
Қатысуға өтінімді төрешілер алқасының отырысына 1 маусым күні сағат 09:00-ден 09:30-ға дейін беру қажет. Спортшыларда өзімен бірге жеке куәлігі немесе туу туралы куәлігі және дәрігердің рұқсаты болуы тиіс.
Жарыс 10:00 басталады.
Толық ақпаратты +7-702-309-25-53 телефоны арқылы алуға болады.