
3 маусым күні Жайық Бектұров атындағы Қарағанды жасөспірімдер кітапханасы кітапқұмарларды таза ауада күтеді. Облыстық балалар клиникалық ауруханасының ауласында "Оқуға құштар оқырман" шарасы өтеді.
Кез келген адам қордағы кітаптармен және мерзімді басылымдармен таныса алады. Мұнда қарағандылықтар кітапхана ұсынатын барлық қызметтер туралы біле алады. Кітап сақтау қызметкерлері осы тақырыпта буклеттер мен флаерлер дайындады.
Ойындар, викториналар мен әдеби шолулар жоспарланған.
Ашық аспан астында кітап оқу шарасы сағат 12:00-де басталады.
Анықтама телефондары: (8-7212) 43-06-49, +7-700-375-62-20.