
Теміртау мен Қарағандыда 27 және 28 мамырда "Әскери керней" әскери-музыкалық фестивалі өтеді. Тұрғындар үшін ҚР Ұлттық ұланының "Орталық" өңірлік қолбасшылығының әскери оркестрлерінің концерттік бағдарламасы мен дефилесі дайындалды.

Шығармашылық ұжымдар мен әскери оркестрлердің Теміртауда өнер көрсетуі 27 мамырда сағат 17:00-де Республика даңғылы, 40 мекен-жайы бойынша орналасқан Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында жоспарланған.
Қарағандыда қойылым 28 мамыр күні сағат 10:00-де Орталық мәдениет және демалыс саябағының сахнасында, сондай-ақ 12:00-де Шахтерлер даңғылы, 64 мекенжайындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйінің алдындағы алаңда өтеді.
Фестиваль қонақтарының назарына әскери әндер мен заманауи музыкалық шығармалар ұсынылады.
ҚР Ұлттық ұланы "Орталық" РМҚК баспасөз қызметінің ақпараты бойынша