Қарағандылық синхронистер Әлем Кубогында қола және күміс жеңіп алды

Қарағандылық синхронистер Әлем Кубогында қола және күміс жеңіп алды

Әртістік (синхронды) жүзуден Әлем Кубогі кезеңінің финалында Қазақстан құрамасының құрамында Қарағанды облысының бес өкілі өнер көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша олар әлем кубогының жүлдегерлері атанды.

Жарыс Грекия астанасы Афинада өтті.

Топта ең ауыр техникалық бағдарламада Наргиз Болатова, Этери Какулия, Ксения Макарова, Карина Магрупова және Ясмин Тұякова қола жүлдені жеңіп алды. Еркін жүзуде олардың барлығы екінші орынға ие болды.

Спортшыларды Елена Котова жаттықтырады.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша