
Қарағандыда ОӘД және КМС ауданында екі жерасты өткелі жөнделе бастады.

Дайындық жұмыстары жүріп жатыр, жақын арада құрылысшылар бөлшектеуге кіріседі.

"Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін өткелдер толығымен жабылмайды, әр өткелде қарама-қарсы жақтағы төрт кіреберістің екеуі ғана жабылады.
Қабырғалар мен баспалдақтар гранит тастан жасалады. Төбесі кіріктірілген LED-шамдармен, едені мәрмәр үгіндісі қосылған бетоннан құйылады", – деп хабарлады Қарағанды қаласының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Facebook-тегі парақшасында.

Сауда орындарының терезелері мен есіктері де ауыстырылады. Бейнебақылау камералары мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған электр көтергіштер орнатылады.

Нөсер кәрізі жаңартылып, ескі науаларды жаңаларына ауыстырады.

Жөндеу жұмыстары қазан айының соңына дейін жалғасады.
