Қарағанды облысында ерекше балалар арасындағы пәндік олимпиада жеңімпаздары марапатталды

Қарағанды облысында ерекше балалар арасындағы пәндік олимпиада жеңімпаздары марапатталды

Оқу жылының аяқталуына және балаларды қорғау күні қарсаңында Қарағанды облысының білім басқармасы өңірдегі арнайы мектеп-интернаттардың 5–6 сынып оқушылары арасында пәндер бойынша облыстық олимпиада жеңімпаздарын көшпелі марапаттау рәсімін өткізді. Үздік оқушыларға дипломдар, медальдар және балаларға арналған иллюстрацияланған кітаптар табыс етілді.

Олимпиадаға барлығы жеті арнайы мектеп-интернаттан келген 50-ден астам бала қатысты. 

Оның ішінде тоғыз оқушы бірінші орынға, жетеуі екінші орынға және он оқушы үшінші орынға ие болды.

"Жыл сайынғы олимпиада ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау үшін өткізіледі. Оқушылар қазақ және орыс тілдері мен математикадан тапсырмалар орындайды. Жыл сайын олимпиадашылар саны артып келеді: егер өткен жылы зияткерлік жарыстарға 33 бала қатысса, биыл 50-ден астам бала қатысты", – деп атап өтті білім басқармасында.

Жеңімпаздар:

- Айсана Төлеу, 5-сынып, Қарағанды қаласының мамандандырылған № 4 мектеп-интернаты;

- Зейнеп Нұралина, 5-сынып, Қарағанды қаласының мамандандырылған № 3 мектеп-интернаты;

- Сайран Балташев, 6-сынып, Теміртау қаласының мамандандырылған № 5 мектеп-интернаты;

- Саян Бақатай, 6-сынып, Теміртау қаласының №5 мамандандырылған мектеп-интернаты;

- Шахмардан Сұлтан, 6-сынып, Қарағанды қаласының мамандандырылған № 1 мектеп-интернаты;

- Мадина Абдуллоева, 6-сынып, Қарағанды қаласының мамандандырылған № 1 мектеп-интернаты;

- Айдина Әскербекова, 6-сынып, Қарағанды қаласының мамандандырылған № 4 мектеп-интернаты;

- Мәди Абзалбеков, 6-сынып, Қарағанды қаласының мамандандырылған № 4 мектеп-интернаты;

- Рүстем Гнилосыров, 6-сынып, Қарағанды қаласының № 3 мамандандырылған мектеп-интернаты.