Қазақ күресінен спорт шеберлері арасында ел біріншілігінің жеңімпаздары анықталды

Қазақ күресінен спорт шеберлері арасында ел біріншілігінің жеңімпаздары анықталды

Шет ауданының Ақжал кентінде самбодан үш дүркін әлем чемпионы Болат Манабаевтың 60 жылдық мерейтойына арналған спорт шеберлері арасында қазақ күресінен Қазақстан біріншілігі өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Өскемен, Семей, Қостанай, Қарағанды және Ақмола облыстарының ең мықты палуандары қатысты.

Спортшылар үш жас санатына бөлінді: 40–50, 50–60 және 60 жас және одан жоғары.

40–50 жас аралығындағы Жеңісті Ақсу-Аюлы балуаны Қанат Сағындық жеңіп алды. Ол сенімді түрде бірінші орынға ие болды.

– Мен 43 жастамын. Жасымнан спортпен айналысамын. Дзюдо және самбо күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шеберімін. Дзюдо, самбо күресінен ардагерлер арасында әлем чемпионатында екінші орын алдым. Қазақ күресінен спорт шеберімін, – дейді Қанат Сағындық. – Мұндай іс-шаралардың жас ұрпақты тәрбиелеуде маңызы зор, өйткені көптеген адамдар спортпен шұғылдана бастайды, содан кейін тастап кетеді. Мұндай чемпионаттар кез-келген жаста спортпен шұғылдану кеш емес екенін дәлелдейді.

50–60 жас аралығындағы санатта бірінші орын Өскемен қаласының балуаны Руслан Сейлхановқа берілді. Жоғары жас санатында табанды тартыста Семейден келген балуан Мұрат Қайролда жеңіске жетті.

Жеңімпаздар Болат Манабаевтың атаулы белдіктерімен, грамоталармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Болат Манабаевтың мерейтойын мерекелеу ат жарысымен жалғасты.