Жазғы лагерьлер мұражайға қонаққа келді: балалар Қарағанды облысы бойынша виртуалды және нақты саяхаттарға шыға алады

Жазғы лагерьлер мұражайға қонаққа келді: балалар Қарағанды облысы бойынша виртуалды және нақты саяхаттарға шыға алады

Жазғы демалысы күндері Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайы мектеп жанындағы лагерьлер үшін «Жазғы лагерь мұражайда қонақта» танымдық-ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастырады. Акция 1 маусымнан 1 тамызға дейін өтеді.

Балаларға мұражай сабақтары ұсынылады, онда оларға қазақ халқының салт-дәстүрлері, өлкенің өсімдіктер мен жануарлар әлемі туралы айтылады. Сондай-ақ, оқушылар «Зергерлік жәдігерлердің сыры» атты зергерлік бұйымдар мен түрлі әшекейлер туралы біліп, Қызыл кітап беттеріне саяхат жасайды.

Мұражай қызметкерлері Қарағанды мен Нұр-Сұлтан бойынша виртуалды экскурсияларды, сондай-ақ Қарағанды облысының тарихи және естелік орындары бойынша шынайы экскурсиялар дайындады. Олардың қатарында Қарағанды бойынша «Терриконнан көк тіреген ғимаратқа дейін» және Теміртау бойынша «Қазақстанның болат профилі» тақырыптық экскурсиясы бар.

Ал егер ересек ой-өрісін дамыту үшін және өз білімдерін және логикасын тексеру үшін «Ғарышты бағындырушылар», «Жәдігерді тап!» және «Білім аңшылары» квест-оыйндарға қатыса алады.

Балалар фильмдері мен мультфильмдерінің көрсетілімі де жоспарланған.

Іс-шараларды өткізу уақыты: 10:00-ден 17:00-ге дейін.

Мұражай мекен-жайы: С. Ерубаев көшесі, 38.

Анықтама телефоны: (8-7212) 56-45-63.