
Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде үкіметтік емес сектормен бірлескен жұмыс жүргізуде.
Биыл әлеуметтік тапсырыс басқармасы ҮЕҰ-ның 12 жобасын іске асыруда:
- "Лучик Надежды" ҚБ, "ДЕТСТВО" МЕҰ, Қарағанды, Теміртау, Жезқазғанда "Талап" ҚҚҚ базасында мүгедектігі бар балаларға және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамдарға күндізгі ем алу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
- Қарағанды, Теміртау, Жезқазғанда "Кредо" ҚБ, "Қайсар" ҚҚ, "ДЕТСТВО" МЕҰ арқылы мүгедектігі бар балаларға және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамдарға және жалғыз басты қарттар мен мүгедек адамдарға үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
- Теміртау қаласындағы "Мейірім" ЖМ базасында жалғызбасты қарттарға және мүгедек адамдарға стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
- "Қорғау-Астана" ЖҚ арқылы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
- "Мейірімділік әлемі" ҚБ арқылы адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету.
Үкіметтік емес ұйымдар арқылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде арнаулы әлеуметтік қызметтерді алу үшін өмірлік қиын жағдайда жүрген адам (отбасы) тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өтініш беру арқылы жүгінуі қажет.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болған адамдар үшін сенім телефоны (8-7212) 327-202 / 8-702-892-97-77 жұмыс істейді.
Адам саудасының құрбаны болғандар үшін сенім телефоны (8-7212) 790-988/ 8-700-971-75-74 бар.
Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының хабарлауынша