
Теміртау қаласының жас көрермендер театрының сахнасында кезекті премьера өтеді. Театр жанкүйерлерінің назарына «Баба Chanel» екі актілі комедиялық қойылым ұсынылады.
Спектакль желісі қазіргі күндерді сипаттайды. «Наитие» орыс ән ансамблі өзінің 10 жылдығын атап өтеді. Солистер 90-60-90 стандарттарына түседі, тек бұл жерде әңгіме сантиметр жайлы емес, жасы жайлы. Олардың бесеуінің жасын қосқанда 400 жыл болғанына қарамастан, олар өмір сүргісі, сүйгісі және ғашық болғысы келеді. Ансамбльдегі барлық әнші әйелдер жас баяншы Сергейге ғашықтығын жасырады. Кенеттен олардың көңілді өмірлеріне ансамбльдің жаңа мүшесі – Розаның пайда болуы кедергі тудырады…
Пьесаның авторы Николай Коляда өзінің ақылшысы туралы былай дейді: «Бұл пьеса Екатеринбургтегі менің «Коляда-театрымда» 10 жылдан астам уақыт ойналып келеді. Ол күн сайын сахналанса да, зал көрермендерге толы болады. Бірінші актіде адамдар орындықтардан құлардай күледі, ал екіншісінде зал көз жасқа толады. Бұл қойылымды көрермен өзіне «Мен жарты сағат бұрын неге күлдім?» деген сұрақ қойып, ойланатындай етіп ойнау керек».
Спектакльдің қоюшы-режиссері – Владимир Дроздецкий, қоюшы-суретшісі – Анна Трушкова.
Премьера 28 және 29 мамырда сәйкесінше 18:30 және 17:00-де өтеді.
Билет бағасы – 2000 теңге.