
Таэквондошылар, дзюдошылар, боксшылар, теннисшілер, гимнасттар және басқа да облыс федерацияларының өкілдері Қарағандының орталық саябағында спорт аллеясын құрды.

Акцияға 80-ге жуық ересек және жас спортшылар қатысты.

Саябақ аймағындағы жаяу жүргіншілер жолының бойындағы бос жерде Ержанов көшесі жағынан 170-тен астам көшет отырғызылды. Болашақта мұнда атақты жерлес чемпиондардың есімдері жазылған тас плита немесе шағын сәулет өнерінің арт-нысаны орнатылады.

Акцияны өткізу идеясы спортшылар арасында пайда болды.

– Қазір спортпен шұғылданатын ұлдар мен қыздар біреумен теңесуі керек, – дейді ағаш отырғызуға қатысушы кәсіпкер Александр Кику. – Телефон мен әлеуметтік желілерде көргендері шынайы идеалдарын алмастырмайды. Міне, сол үшін біз осы акцияны өткізуді шештік, ол, менің ойымша, балалардың жүрегінде патриоттық сезімдерін, өз қаласына деген сүйіспеншілігін, атақты жерлестер үшін мақтаныш сезімін оятты. Алдағы уақытта аллея Қарағанды облысынан әлемнің, Еуропаның және Азияның жаңа чемпиондарының құрметіне отырғызылған жасыл желектермен толықтырылатын болады.

Айта кету керек, Александрдың ұлы Кику Егор 2021 жылы таэквондодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды.

Болашақта көшеттер тиісті күтімсіз солып қалмауы үшін саябақтар басқармасымен жазда оларды үнемі суару туралы келісім жасалды.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша