Қарағандыда үздік баристалар анықталды

Қарағандыда үздік баристалар анықталды

Қарағандыда алғаш рет бариста чемпионаты өтті. Он алты қатысушы латте өнері санатында шайқас өткізді.

Байқауға қатысушыларға арналған суреті бар карточкаларды көрермендер таңдады.

Әр кезеңде тапсырма күрделене түсті.

"Кофе индустриясы мен мәдениеті дамып келеді. Бізде таланттар бар екенін көрсеткіміз келді. Чемпионаттар тәжірибе алмасу және кәсіби шеберлікті арттыру үшін қажет", – дейді ұйымдастырушылар.

Үш кезеңнің қорытындысы бойынша Темірлан Қайрақбаев (BlackBerry кофеханасы) жеңіске жетті.

Екінші орынды Бексұлтан Қаснай ("Скулы Акулы" кофеханасы) иеленді.

Үшінші орында – Владислав Гайворонский ("Между строк" дәмханасы).

Бірінші және екінші орын иегерлері Нұр-Сұлтан қаласына гранд-финалға барады, онда олар елдің үздік баристасы атағы үшін таласады.

Чемпионатты "Терриконовая долина" IT-хабымен және "Скулы Акулы" кофеханасымен серіктестікте Serikov Coffee Company кофе қуыру компаниясы ұйымдастырды.