
Осакаровка ауылында биыл 18 пәтерлі алты тұрғын үй пайдалануға берілмек. 108 отбасын баспанамен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Бұл үйлердің құрылысы 2020 жылы басталған. Бірақ құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты жобалық-сметалық құжаттары түзетіліп, нысандарды іске қосу биылғы жылға шегерілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Осакаров ауданының әкімі Нұркен Қобжанов айтты.

– Ауданымызда абаттандыруға, тұрмысқа қолайлы жағдай жасауға көп көңіл бөлінуде. Биыл Сұңқар ауылындағы су мұнарасын ауыстыру жоспарлануда, –дейді Нұркен Қобжанов. – Екі ірі жобаны жүзеге асыру басталады – Пионерское ауылында су құбыры желілерінің және Озерное және Ералы ауылдарында су құбыры желілерінің құрылыстары.
Ауданда Осакаровка мен Николаевка ауылдарында жетінші кезеңдегі су құбыры желілері құрылысының жобалары әзірленді. Биылғы жылы Тельманское және Колхозное ауылдарына су құбыры желілерін тартуға ЖСҚ әзірленеді.
Ауданның жылумен қамту жүйелері де ерекше бақылауда. Молодёжный және Осакаровка елді мекендеріндегі қазандықтарға қазандық сатып алу, сондай-ақ Молодёжныйдағы жылу трассасын жөндеу жоспарлануда.
– Ауданның дамуында денсаулық сақтау жүйесінің табысты жұмыс істеуі маңызды рөл атқарады. Биыл Озерный кентінде фельдшерлік-акушерлік пункт салу жоспарлануда. «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы бойынша Молодёжныйдағы спорт кешенінде күрделі жөндеу жалғасуда, – деді аудан басшысы. – Осакаровкадағы № 12 мектепті күрделі жөндеуден өткізу және Уызбай және Садовое ауылдарындағы екі мектептің жылу қазандығын алып тастау жоспарлануда.
Сондай-ақ Молодежныйдағы мәдени-ойын-сауық орталығы да жөндеуден өтеді. Звезда және Ералы ауылдарындағы клубтардың жылу жүйесін жөндеуге қаражат бөлінді.