
22 мамырдан бастап, жаз бойы әр жексенбіде Қарағанды қаласының орталық саябағында тегін zumba fitness жаттығулары өтеді. Қатысам деушілерді орталық сахнада сағат 11:00-де күтеді.

«Зумба – танымал латын америкалық ырғақтарға негізделген фитнес-би бағдарламасы. Ашық ауадағы спорт адамға жақсы әсер етеді: олар денені нығайтады, көңіл-күйді көтереді, бұлшықет тонусын арттырады, дене бітімін түзетеді, артық салмақпен күресуге көмектеседі, ұйқының сапасын жақсартады, зат алмасуды қалыпқа келтіреді, – дейді ұйымдастырушылар. – Сондықтан біз, Қарағанды қаласының лицензияланған zumba fitness нұсқаушылары мәдениет және демалыс саябақтарының басшылығымен бірлесе отырып, жазда осындай жаттығуларды өткізуді ұйғардық. Зумба барлық жастағы адамдарға жарамды. Келем деушілердің барлығын шақырамыз».

Қатысушылар ыңғайлы спорттық киім мен аяқ киімін киюі керек, сондай-ақ бас киім қажет. Және де су мен кішкене сүлгіні алыңыз.